Словенияда парламент сайлауы өтіп жатыр

Бұрынғы Югославия құрамында болған кішкентай болса да, жақсы дамып келе жатқан Словения республикасында бүгін сайлаушылар жаңа парламентке дауыс беруде.
Сарапшылардың айтуынша, сайлаудағы басты бәсеке орталық – оңшыл премьер-министр Янез Яншаның жақтастары мен оның орталық-солшыл бәсекелесі Борут Пахордың қолдаушылары арасында өтеді.
Саясаткерлердің екеуі де ел экономикасын көтеруге күш саламыз дейді.