Пәкістанда ауған консулы ұрланды

Азат Еуропа / Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешауар қаласында ауған консулы ұрланған. Консулдың көлігіне шабуыл жасалған соң оның жүргізушісі қаза тапты. Бұл оқиғаны Пешауардағы Ауғанстан консулдығы растап отыр. Шабуылға байланысты жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмады.