Ауған-пәкістан шекарасына арнайы жасақ керек

Ауған елі бірлескен әскери жасақтың Пәкістанмен шекарада тұрғанын қалайды. Оның құрамына Ауғанстан және АҚШ-тың бастауындағы коалиция күштері, сондай-ақ Пәкістан әскері енуі тиіс. Ауғанстан қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардактың айтуынша, тек осындай тәсілмен ғана оның еліндегі қарулы топтармен күресуге болады. Олардың біразы Пәкістанның бақылаусыз аймақтарынан келуде деді ол.