Ирақтағы жанкештілік жарылыстан АҚШ сарбазы қаза тапты. АҚШ ресмилерінің мәлімдеуінше, сәрсенбі күнгі шабуыл Дияла өлкесінде болған. Бұл аймақта АҚШ пен Ирақ күштері бүлікшілерге қарсы операциясын бастаған-тұғын. Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2003 жылдың наурыз айынан бері Ирақта қаза тапқан американдық сарбаздардың саны кемінде 4171-ге жеткен.