АҚШ, Украина президенттері дүйсенбіде кездеседі

Джордж Буш мырза Ақ үйде Виктор Ющенкомен кездесуі кезінде Украинада демократия мен қауіпсіздікті, ұлттық егемендікті қайтсе нығайтуға болады деген сауалды талқыламақшы. Сондай-ақ Украинаның НАТО мен ЕуроОдаққа мүшелік жайы да сөз болады деді Ақ үй өкілі.