Мыңдаған пәкістандық Ауғанстанға босып кетті

БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, шекаралық аймақтардағы қақтығыстардан аман қалу үшін Пәкістаннан Ауғанстанға 20 мың адам босып кеткен. БҰҰ-ның босқындар істері бойынша Жоғарғы комиссарының айтуынша, шамамен 4 мың пәкістандық отбасы тайпалы Бажаур аймағынан Ауғанстанның Кунар өлкесіне қашып кеткен.

Осыдан 2 ай бұрын Пәкістан әскерилері Бажаурдағы бүлікшілерге қарсы операциясын бастаған болатын. Мыңдаған қарапайым халық Пәкістанның өзге де аймақтарына көшіп кетті деп хабарланып отыр.