Бағдадтағы шабуылдан 11 адам опат болды

Ирақ астанасындағы жанкештілік шабуылдардан кемінде 11 адам қаза тауып, 31 кісі жараланды. Бұл жарылыстар бүгін шииттердің екі мешітінде болған. Полицияның хабарлауынша, бір жанкешті адам Зафрания ауданындағы мешітте өзін-өзі жарып жіберген, соның салдарынан 7 адам қаза тапқан. Ал Балад ауданындағы мешітте болған шабуылдан 4 адам мерт болып, ондаған кісі жарақат алды деп хабарланып отыр.