Үндістанда қоғамдық жерде шылым шегуге болмайды

Үндістанда бүгіннен бастап қоғамдық жерлерде темекі тартуға тыйым салынады. Бұл елде шамамен 120 миллион адам шылым шегеді. Таяуда жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, Үндістанда жылына 900 мыңға жуық адам темекіден көз жұмады екен.