АҚШ-Иран қатынасын жақсартудың алғашқы қадамы

АҚШ үкіметтік емес ұйымға Иранда өз кеңсесін ашуға рұқсат берді. Рұқсат қағаз штаб-пәтері Нью-Джерсиде орналасқан Американ-Иран кеңесіне берілді. Кеңестің атқарушы директоры Брент Лоллис оны екі елдің арасындағы қатынасты жақсартудың бірінші қадамы деп бағалады. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Иранға қатысты саясаттың өзгермейтінін ескертсе де, рұқсат берілгенін растады.
АҚШ пен Иран арасындағы дипломатиялық байланыс 1979 жылы Теһрандағы АҚШ елшілігінде адамдарды кепілдікке басып алған соң үзілген болатын.