Ирақта Әл-Қаиданың 18 содыры қолға түсті

Ирақтағы АҚШ армиясы Әл-Қаида содырларына қарсы жорықта 18 күдіктіні тұтқындады. АҚШ әскері оларды бейсенбі-жұма күндері ұстағанын мәлімдеді. Оның ішінде 4 күдікті солтүстіктегі Киркук қаласында қолға түскен.

Барлығы да Әл-Қаида ұйымының Ирақтағы бөлімімен байланысты деген күдік туғызады.Тағы бір күдікті Бағдадтан солтүстікке қараған Сулайман Бек мекенінде қолға түсті. Оның жолдарға миналар орнатуға қатысы бар сияқты.