Еуропа қаржы дағдарысын талқылауда

Бірқатар Еуропа үкіметтері қаржы дағдарысына байланысты алаңдаушылықтарды жеңілдету үшін банк депозиттеріне кепілдік беріледі деп мәлімдеді. Мұндай шараны Дания, Швеция, Австрия, Греция, Ирландия, Германия елдері қолға алып отыр. Еуро аймағындағы мемлекеттердің қаржы министрлері Люксембургта кездесіп, 2 күн бойы ғаламдық қаржы дағдарысын талқыламақ.