АҚШ Қорғаныс хатшысы Косовода болды

Роберт Гейтс мырза осы сапары барысында Косовоның тұтастығын қолдайтынын мәлімдеді. Косово тәуелсіздігін жариялағаннан кейін оның территориясын бөлшектеуге Құрама Штаттар қарсы деді Гейтс мырза.

Бұл - Косово тәуелсіздік алғалы бері АҚШ-тың биік лауазымды тұлғасының мұнда жасап отырған алғашқы сапары.