Бішкекте мемлекет басшыларының кеңесі өтуде

ТМД мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін Қазақстан президенті Н.Назарбаев Бішкекке барды. Мемлекет басшыларының кеңесінде экономикалық саладағы ықпалдастық пен ТМД-ның экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиясы, шекара ынтымақтастығы конвенциясы, заңсыз көші-қонмен күрес бағдарламасы, ақпараттық қауіпсіздік, 2010 жылғы Жеңістің 65 жылдығын өткізу жоспарлары сияқты 21 құжат талқыланбақ. ҚР президенті Н.Назарбав мемлекет басшыларының саммитінен кейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың кезекті отырысына қатысады.