Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалы 8 % өсті

Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талданды.
“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының баспасөз-қызметі хабарлағандай, жұма күні Ташкентте ұлттық компанияның президенті Асқар Мамин Өзбекстанның вице-премьері Нодирхон Хановпен, сыртқы экономикалық байланыс, инвестициялар және сауда министрі Эльер Ганиевпен және “Узбекистон темир йуллари” мемлекеттік-акционерлік теміржол компаниясының басқарма төрағасы Ачилбай Раматовпен кездесті.
Оның барысында екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
А.Мамин атап көрсеткендей, өткен 8 айдың ішінде қазақ-өзбек шекарасы өткелінен 12.5 млн. тонна жүк тасымалданған, яғни өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 8 пайызға өскен.