Неміс пен орыс министрі бірге футбол көреді

Ресей мен Германияның сыртқы істер министрлері немістің Дортмунд қаласында келіссөз өткізеді. Неміс министрлігінің хабарлауынша, Сергей Лавров пен Франк-Вальтер Штайнмайер орыс-грузин қақтығысының салдарын, Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын және Ресей мен ЕуроОдақ ынтымақтастығының келешегін талдайды.
Одан кейін екі министр футболдан Әлем біріншілігінің Ресей мен Германия құрамаларының арасындағы іріктеу бәсекесін қызықтайды.