Пәкістан президенті бүгін Қытайға барды

Асиф Али Зардари мырза Бейжіңнен қаржылық көмек сұрайды деп күтілуде. Пәкістан қаржылық дағдарысқа тап болды дейді хабарлар. Төрт күндік бұл сапар- Зардари мырзаның президент ретінде шетелге жасап отырған алғашқы мемлекеттік сапары.