Ауғанстанда шетел азаматшасы оққа ұшты

Бүгін Кабулда белгісіз бір қарулы адамдар көмек агенттігінде жұмыс істейтін шетел азаматшасын өлтірді. Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Земарай Башаридің хабарлауынша, әлгі әйел жұмысқа бара жатқан жолында оққа ұшқан. Оның қай елден екендігі әлі айтылмады.
Үкіметтік емес ұйымдардың айтуынша, соңғы кездері Талибан бүлікшілері көмек көрсететін мекемелердің қызметкерлерін жиі нысанаға алуда.