Ауғанстанда 20 бүлікшінің көзі жойылды

Ауғанстандағы НАТО жетекшілігіндегі күштер 20 бүлікшіні өлтіргендерін хабарлады. Бүлікшілер Кабулдың батысындағы Уардак өлкесінде екі күнге жалғасқан шайқаста өлтірілді деп хабарланып отыр.
Қақтығыстарда НАТО әскерлерінің қатарында шығын болмаған.