Алматылық медицина мекемелері қазынаға 29 млн теңге қайтаруы тиіс

Алматылық дәрігерлер өткен жылы да мемлекетке 2 млн теңге қарыз болған. Бұл туралы Алматы қалалық медициналық қызметті бақылау комитетінің басшысы Қадырбек Андағұлов телеарнаға берген сұхбатында: «Мәселен, емханада 1 ғана рентген апараты бар делік, негізі дәрігер күніне 15-16 адамды тексеруден өткізе алады, ал олардың есебіндегі санға осы адам санын көбейтсек, есептің кірісі мен шығысы сәйкеспейді. Өйткені дәрігердің 2-3 ауысымда жұмыс істеуі мүмкін емес, оның үстіне біз емделушілермен де байланысып, бәрін біліп отырамыз», — деді.

Сондай-ақ тексеру барысында әрбір емдеу мекемесінде 5-6- дан лицензиясы мен сертификаты жоқ дәрігерлердің бары анықталды. Қазір бақылаушылар тексерудің екінші кезеңіне кірісіп кетті. Екі аптадан кейін тексеру жұмысының нәтижесі Денсаулық сақтау министрлігі мен прокоратураға жеткізілмек.