Ресей президентінің ұлтқа жолдауы бүгін болмайды

Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Дмитрий Медведевтің ұлтқа жолдауы кейінге қалдырылды. Оның алғашқы ұлтқа жолдауы бүгінге жоспарланған болатын. Президент өзінің жолдауын алдағы аптада жасамақшы деп хабарлайды Moscow Times басылымы. Ресми Кремлдің айтуынша, Медведевтің мәлімдемесі неліктен кейінге қалдырылғаны белгісіз.