Электр қуатына қатысты тәжік-түркмен келісімі

Тәжік ресмилерінің мәлімдеуінше, Түркмен электр қуатының импортталуы қарашаның 1-нен бастап қайта қалпына келеді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы тәжік қызметінің хабарлауынша, қараша айынан бастап осы жылдың аяғына дейін Түркменстан Тәжікстанды 400 миллион киловатт электр қуатымен қамтамасыз ететін болады. Бұл жөнінде Тәжікстан мен Түркменстан билік орындары келіскен.