Ғарыш станциясының 17-экипажы Жерге оралады

Халықаралық ғарыш станциясының 17-экипажы — бортында ресейлік ұшқыштар Сергей Волков пен Олег Кононенко және американдық миллионер Ричард Гэрриоттар бар «Союз» ғарыш кемесі бүгін Қазақстан аумағына қонуы тиіс. Бұл туралы ұшу сапарларын басқару орталығы хабарлаған.