Кабулда 2 неміс азаматы оққа ұшты

Ауғанстан астанасы – Кабулда Германияның 2 азаматы мен 1 ауғандық оққа ұшып, бірнеше кісі жараланды.
Хабарға қарағанды, қарулы қаскүнемдер DHL компаниясының кеңсесі маңында оқ атқан. Қаза болған 2 неміс азаматы осы кеңсенің қызметкерлері көрінеді.