Астана тұрғындары мереке күні сусыз қалды

Республика күні мерекесін тойлап жатқан Астана қаласында су құбырының істен шығуы салдарынан 2 шағын аудан мен бірнеше көше сусыз қалды. Ол туралы Төтенше жағдайлар бойынша министрліктің баспасөз-қызметі хабарлайды.
Мағжан Жұмабаев көшесіндегі тозығы жеткен су құбырының жарылуынан “Юго-Восток” және “Қараөткел” шағын аудандары сусыз қалды. Оған қоса Әлия Молдағұлова көшесіндегі су құбырының жарылуы салдарынан тағы бірнеше көше мен орта мектепте су болмай қалды. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.