Буржанадзе оппозициялық партия құрмақшы

Нино Буржанадзе - Грузия президенті Михаил Саакашвилидің бұрынғы одақтасы. Буржанадзе құратын "Біртұтас Грузия" атты жаңа қозғалыс ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді негізге алмақшы. Сондай-ақ еуро-атлантикалық және батыстық демократиялық құндылықтар да басшылыққа алынбақшы.