Ирақтағы ауыз су тапшылығы проблемасы

Ирақтағы миллиондаған адам ауыз су тапшылығынан түрлі науқасқа шалдығуы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық қызыл крест комитеті ескертіп отыр.
Бұл комитеттің айтуынша, Ирақта әрбір 10 отбасының шамамен төртеуі су желісіне қосылмаған, соның салдарынанан олар суды сатып алуға немесе оны ластанған өзендер мен құдықтардан тасуға мәжбүр.