Екі ел құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қойды

Минск қаласында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында құпия ақпаратты өзара қорғау туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылды, — деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, келісімге Қазақстан жағынан ҚР ҰҚК төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев, Беларусь жағынан Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-майор Вадим Зайцев қол қойды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында екі елдің қауіпсіздік органдарының жетекшілері халықаралық лаңкестікке, есірткі саудасы мен арнаулы қызметтердің жұмыс бағыттары бойынша өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылады.