Пәкістанда жанкештілік жарылыс болды

Мардан қаласында полиция тоқтатпақ болған жанкешті біреу өз-өзін жарған екен. Онымен қоса тағы 3 полиция офицері қаза болды. Бұл қала Ауғанстанмен шекараға жақын орналасқан. Осы аймақта Пәкістан әскері қарулы көтерілісшілермен күресуде.