Мардан қаласында полиция тоқтатпақ болған жанкешті біреу өз-өзін жарған екен. Онымен қоса тағы 8 адам көз жұмды. Оның кем дегенде үшеуі полиция офицерлері дейді ресмилер. Сонымен қатар 25-тей адам жараланған екен. Бұл қала Ауғанстанмен шекараға жақын орналасқан. Осы аймақта Пәкістан әскері қарулы көтерілісшілермен күрес жүргізіп келеді.