Пәкістанда Ауғанстан министрінің бауыры ұрланды

Хабарларға қарағанда, ұрланған қаржы министрі Әнуар Ұл-Хақ Ахадидің кәсіпкер бауыры Зия Ұл-Хақ Ахади. Бұл туралы мәлімдеген қаржы министрінің баспасөз өкілі оқиға жұма күні Пәкістанның Пешавар қаласында болғанын айтқан.
Осы жылдың бас кезінде тәліптер Пәкістанның Ауғанстандағы елшісін ұрлап алып кетіп, ол тек үш айдан кейін босатылған еді.