Браун Халықаралық валюта қорына көмектесуге шақырады

Британия премьер-министрі Гордон Браун бүгін мұнай қорына бай Парсы шығанағы елдерін қаржы дағдарысынан шығу үшін Халықаралық валюта қорына қаржылық қолдау көрсетуге шақырды.
Әр-Риядта сөйлеген сөзінде Браун бұл келешекте Парсы шығанағы елдерінің өз ықпалын арттыруы үшін де қажет деп атап көрсетті.
Браунның пікірінше, Халықаралық валюта қорына қолдау жасау қаржы дағдарысын ауыздықтауға әсер етеді.