Пәкістан: бомба жарылысында 8 адам құрбан болды

Пәкістанның Ауғанстанмен шекарасына жақын жерде жанкештілік көлік бомбасының жарылысында 8 офицер опат болған. Әскерилердің айтуынша, шабуыл оңтүстік Вазиристанның Уана қаласының жанындағы бақылау бекетінде орын алған. Бұл аймақта әл-Қаида мен Талибан бүлікшілері көп.
Пәкістан бүлікшілік шабуылдарын басу үшін аймақтың солтүстігінен батысқа қарай қауіпсіздік күштерін орналастырған. Бірақ оларды бүлікшілер жиі нысанаға алып отырады.