Пәкістан шекарасындағы қалада ауған шенеунігі ұрланды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, Ауылды жерлерді дамыту министрлігінің кеңесшісі Ахтар Кохистани жексенбі күні Читрал қаласында ұрланған. Бұл оқиғаға байланысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Пәкістан-ауған шекарасындағы тайпалы аймақтарда адамдарды ұрлап әкету оқиғалары жиі орын алуда.