АҚШ Ауғанстанда 37 азамат қаза болды деген хабарды тексерді

АҚШ әскери ұшақтары Талибанға қарсы шабуылы кезінде үйлену тойын тағы да нысанаға алды деген хабар тараған еді. Оның кесірінен 37 адам қаза болды, олардың 20 шақтысы балалар еді дейді ауыл тұрғындары. Ауған президенті Хамид Қарзайдың айтуынша, оқиға Қандағар аймағы Шах Вали Кот ауданында орын алған. Қарзай жаңа сайланған АҚШ президенті Барак Обаманы азаматтар өлімін азайтуға күш салуға шақырды.