АҚШ сайлаулары демократиялық талаптарға сай өтті

Бұл жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымы өз мәлімдемесінде айтты. Дей тұрғанмен, ел билігі кейбір сайлау бекеттеріндегі дауыс беру құпиялылығын жақсартуы тиіс деп кеңес берілген ол құжатта. Сондай-ақ бір орталыққа қаратылмаған АҚШ-тағы сайлау жүйесінде қарама-қайшылықтар да кездесуде делінген аталған мәлімдемеде.