Израиль АҚШ-тың Иранмен диалогына сақтықпен қарауда

Атап айтқанда АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обаманың Иранмен сөйлесуге әзірлігі Таяу Шығыста сақтық көзқарасын қалыптастырады. Себебі мұндай қадам Теһранның ядролық бағдарламасын ауыздықтаудағы АҚШ-тың әлсіздігі деп қабылданады, деді Израиль Сыртқы істер министрі Ципи Ливни өз мәлімдемесінде.