Қырғыз парламенті жаңа заң қабылдады

Бейсенбі күні мақұлданған бұл заң бойынша ел үкіметі елдегі діни ұйымдарға бақылауын күшейтетін болады. Діни ұйымдар қаржылық жағдайларын ел билігіне ашық таныстырып отыруға міндетті. Жеке жағдайда білім беруге және көпшілік орындарда діни кітаптар таратуға осы заңмен тиым салынады. Діни бағдарламалар мектеп бағдарламаларына енгізілмекші.