ЕуроОдақ басшылары саммитке әзірленуде

Одаққа мүше 27 мемлекет басшылары бүгін Брюсселде кездесуде. Мақсат- қарашаның 15-де болатын қаржылық саммитке дайындалу. Ол саммит АҚШ президенті Джордж Буштың ұйымдастыруымен Вашингтонда өтпекші. Саммит барысында ғаламдық қаржы дағдарысын ауыздықтау жолдары талқыланады.