Грузия оппозициясы шеруге шықты

Президент Михаил Саакашвилиге қарсы болушы партиялардың бүгін Тбилиси орталығында өткізіп жатқан шеруіне 10 мыңдай адам қатысуда. Грузия үкіметі бұдан бір жыл бұрын ел оппозициясының бейбіт шеруін күшпен басып-жаншыған болатын. Бұл шаралар осы оқиғаның бір жылдығына арналып отыр. Оппозиция Саакашвилиді тамыз айындағы Ресеймен қақтығыста лайықты басшылық жасай алмады деп айыптауда. Сондай-ақ сыбайласқан жемқорлық пен адам хұқын қорғау істерінде президентті кіналауда.