Кубаның сыртқы істер министрі Мәскеуге келді

Сенбі күні Кубаның сыртқы істер мнистрі Перес Роке 4 күндік сапармен Ресейге келді. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Андрей Нестеренко хабарлағандай, дүниежүзілік саясат пен экономиканың проблемалары және екіжақты сауда-экономикалық байланысты кеңейту мәселелері келіссөздің басты тақырыптары болады.
Мәскеудің мәліметі бойынша, 2007 жылы Куба мен Ресейдің өзара сауда айналымы 300 млн. долларға жуық болды.