Қырғыз президенті Германияда емделуде

Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев еліне қарашаның 20-на дейін оралады. Бұл туралы бүгін президент әкімшілігінің басшысы Медет Садырқұлов хабарлады. Бәкиев қазір Германиядағы ауруханада емделіп жатыр. Садырқұловтың айтуынша, президент өзін жақсы сезінуде. Бәкиев қазан айының аяғынан бері Германияда жүр.