Ауғанстан көлік министрі қызметінен алынды

Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдің көлік министрін қызметінен босатты. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Хамидулла Қаери “жұмысында немқұрайдылық танытып, күдікті іс-әрекеттермен айналысқаны” үшін қызметінен босатылған. Қаериге Сауд Арабиясына қажылыққа аттанатындарға қатысты өз міндетін дұрыстап орындамады деген айыптар тағылды.