Бакудегі халықаралық саммитке Қазақстан делегациясы қатысады

Ертең Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша IV халықаралық саммит басталады, оған Қазақстаннан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев бастаған делегация қатысады, — деп хабарлайды Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігінен.
 
Аталған саммитке Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Украина, Польша, Литва президенттері мен Қазақстан, АҚШ, Румыния, Латвия елдерінің ведомство басшылары қатысады.