Алматы конференциясы жұмысшылардың құқын сөз етті

Бүгін Алматыда қалалық ішкі саясат басқармасының өткізген конференцияда қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жалдамалы жұмысшыларының құқы туралы мәселе талқыланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның мақсаты — Алматыдағы жалдамалы жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін ұсыныстар қабылдау мен оны жүзеге асыру.