Швеция Ауғанстандағы күштерінің санын асырмақ

Швеция үкіметі Ауғанстанға қосымша 110 сарбазын жібереді және бұл елге қаржылай көмектесетін болады. Бұл туралы бүгін Швеция ресмилері хабарлады. Сонымен Ауғанстандағы швед күштерінің саны 500-ге жетпек. Швеция НАТО-ға мүше емес бірақ ол Ауғанстанның солтүстігінде НАТО қолбасшылығында жұмыс атқарады.