ЕуроОдақ Ресеймен әріптестік сөйлесулерді жаңғыртады

Бұл жөнінде ЕуроКомиссия президенті Жосе Мануэл Баррозу бүгін Ресей-ЕуроОдақ саммитінен кейін айтты. Басқосуға Ресей президенті Дмитрий Медведев қатысты. Францияның Ницца қаласында өткен бұл басқосуда тараптар арасындағы әріптестік келісімі талқыланды. Сондай-ақ әлемдік қаржы дағдарысын ауыздықтау және Ресейдің ЕуроОдақты газбен қамтамасыз ету мүмкіндіктері сөз болды. Одаққа мүше елдер Ресеймен кең тұрғыдағы әріптестікті қайта бастауға осы апта басында келіскен еді.