Ирақта көлік жарылысынан 10 адам қаза тапты

Ирақ полициясының хабарлауынша бүгін елдің солтүстігіндегі Тал Афар қаласындағы көлік жарылысынан 10 адам қаза болып, кемінде 20 кісі жараланды. АҚШ әскерилері бұл көлікті жанкешті жарып жіберді деді. Бұл Мосул қаласына жақын аймақта таяуда бірнеше жарылыстар орын алған.