Қазақстанға Кент Ханзадасы Майкл келеді

Бүгін Ұлыбританиядағы Король отбасының мүшесі Кент Ханзадасы Майкл Қазақстанға келеді. Бұл туралы журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті.

Ханзада сапар шеңберінде Қазақстан басшылығымен кездесулер өткізеді, сонымен бірге Алматыда Лондон бизнесі және қаржы мектебі офисінің ресми ашылуына қатысады.