АҚШ банктері үкіметтен көмек алды

АҚШ Қаржы министрлігі қосымша 21 банкке 33 миллиард 500 миллион доллар қаржы құйды. Мұның өзі қаржылық дағдарыстан банктерді құтқаруға арналған 700 миллиард долларлық жоспарының бір бөлігі болып отыр. Бұдан бұрын үкімет 9 ірі коммерциялық банкке 125 миллиард доллар көмек берген еді. Ал, америкалық Citibank әлем бойынша 53 мың жұмыс орынын қысқартатынын мәлімдеді.