Азаттық радиосы интернет жүлдесіне қол жеткізді

Азаттық радиосы Қазақстанның ұлттық интернет жүлдесімен марапатталды. “AWARD.kz 2008” сыйлығы Азаттық радиосына мемлекеттік тілдегі ең үздік вебсайты үшін берілді. Сонымен қатар Азаттық радиосы байқаудағы Бұқаралық ақпарат құралы номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді. Азаттық радиосы американдық Азат Еуропа / Азаттық радиосының қазақ тіліндегі қызметі болып табылады. Азаттық радиосының қазақ және орыс тілдеріндегі интернет парақшасы бар. www.azattyq.org